Үнділік дәрігер "дельта плюс" штаммының қауіпі туралы ескертті

0
519

Вани Акбер қазір Үндістанда COVID-19-бен ауырғандар арасында саңырауқұлақ инфекциясы анықталғанын айтты.


Үнділік дәрігер

ERNUR.KZ. Коронавирустың «үнді» штаммының адам денсаулығына тигізер зардабы көп. Бұл туралы үндістандық дәрігер Вани Акбер айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігер коронавирусының үнді штаммының белгілері қарапайым тұмауға ұқсайтынын айтады. Алайда ауырғаннан кейін тромбоз, қант диабеті және жүрек аурулары сияқты түрлі кері әсерлері пайда болуы мүмкін.

Сонымен қатар, «Дельта плюс» штаммы көбінесе жастар жұқтыратынын атап өтті. Вани Акбер қазір Үндістанда COVID-19-бен ауырғандар арасында саңырауқұлақ инфекциясы анықталғанын айтты.

«Маған қара саңырауқұлақты емдеу үшін пациентті қарауға шақырту келді. Ол үшін күшті гормоналды дәрі-дәрмектерді қолданамыз. Одан адамның иммунитеті әлсірейді. Инфекция адам миына және көзіне кері әсерін тигізеді. Ал оны емдеу ұзақ уақытты талап етеді», – деді медицина ғылымдарының дәрігері.

Сонымен қатар, дәрігер «үнді» штаммы вакцина алған және бұрын ауырған азаматтар да үшін де қауіпті екенін айтады. Себебі бұл инфекция антиденелердің белсенділігін төмендетеді.

Үндістандағы қазіргі жағдайды ескерген Вани Акбер тұрғындарды карантин талаптарын сақтауға шақырды.

«Соңғы кезде еркінсіп кетіп едік. Негізі бұлай жасамаған дұрыс. Бұл өзге елдер үшін сабақ болуы керек. Қатаң карантин талаптарын енгізу керек. Мен барлығыңыздан вакцина алуларыңызды сұраймын. Себебі вакцина коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы. Бұл инфекциядан бізді басқа ештеңе құтқара алмайды. Әрине, қауіпсіздік шараларын ұмытпауымыз керек. Бетперде тағып, адамдар көп жиналатын жерде жүрмеген абзал», – деді өз үндеуінде Вани Акбер.