ҰОС ардагерлеріне 187 млн теңге берілді

0
265

Кейінгі жылдары көптеген облыста ардагерлерге төлемдер бірыңғай мөлшерде төленіп келеді.


ҰОС ардагерлеріне 187 млн теңге берілді
ERNUR.KZ. Ұлы Отан соғысының барлық қатысушысына 9 мамырға орай жергілікті бюджеттер есебінен біржолғы ақшалай төлемдер берілді, деп жазады sputnik.kz.
"Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге төлем жасалды. Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттерден барлығы 187 млн теңге бөлінді", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша кейінгі жылдары көптеген облыста ардагерлерге төлемдер бірыңғай мөлшерде төленеді.
Мәселен, биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгені құрады. Бұл ретте көптеген өңірде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ҰОС қатысушылары 2 млн теңгеден алды.
Бүгінде республикада Ұлы Отан соғысының 148 ардагері тұрады. ҰОС қатысушыларына әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлеріне қарамастан ай сайын 16 АЕК (2024 жылы 59 072 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді.