Күдіктілер ұзақ уақыт іздеуде жүргені анықталды.
ERNUR.KZ. Семейде бес адам әскери мүлікті қолды қылмақ болды, - деп жазады Tengrinews.kz.
"31 наурызда тәуліктік нарядта жүрген аға сержант Ғабылахмет Жұмаханов әскери бөлімнің аумағында бес бөгде адамның жүргенін байқап қалды, олар әскери мүлікті ұрламақ болған. Сержанттың батыл әрекеттерінің арқасында ұрылар ұсталып, құқық қорғау органдарына тапсырылды. Артынша күдіктілер ұзақ уақыт іздеуде жүргені анықталды", - делінген хабарламада.
Ғабылахмет Жұмаханов қызметін орындау кезіндегі батыл әрекеттері үшін ІІ дәрежелі "Ел қорғаны" төсбелгісімен марапатталды.