«Үш адам тіл тартпай кеткен»: Алматының әл-Фараби даңғылындағы жол апатының тергеуі аяқталды

0
168

​Бұл туралы адвокат мәлім етті.


«Үш адам тіл тартпай кеткен»: Алматының әл-Фараби даңғылындағы жол апатының тергеуі аяқталды

Фото: t.me/ Kozachkov offside

ERNUR.KZ. Биыл 21 наурыз күні түнде Алматыда сағатына 288 шақырым жылдамдықпен келіп, үш адамды мерт қылған кәсіпкердің ісі сотқа кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы адвокат болған Олег Чернов жазған.

«Ертең әл-Фараби даңғылындағы жол апатының тергеуін зерттеуге кірісеміз. Іс аяқталды», - деп жазған ол.

Айта кетейік, биыл 21 наурыз күні қаланың қақ ортасындағы жантүршігерлік жол апаты салдарынан 3 адам қаза тапқан. Осы жағдайдан кейін полицияның бірқатар басшысы жұмысынан қуылған.