Медициналық университеттің студенті Дінмұхаммед Бектұрған үш жылдық резидентураны аяқтауды жоспарлап отыр.
фото: Медицинский университет Астаны
ERNUR.KZ. Қызыорда облысының әкімдігі ұшақта адам өмірін сақтап қалған студент Дінмұхаммед Бектұрғанның оқу ақысына қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев студенттің ата-анасы Нұрболат пен Ғалия Нұрсейітовтермен кездесіп, адам құтқарған жігітке жақсы тәлім-тәрбие бергені үшін алғыс білдірді.
Дінмұхаммед жас болса да, шұғыл әрі батыл әрекет етті. Соның арқасында ұшақ жолаушысы аман қалды. Медициналық университеттің студенті Дінмұхаммед Бектұрған үш жылдық резидентураны аяқтауды жоспарлап отыр. Облыс басшысы жерлесінің оқу ақысын төлеуге қолдау білдіретінін мәлімдеді.
Айта кетері, 10 қаңтарда "Қызылорда-Астана" рейсінде жолаушы жүрек тұсының қатты ауырсынуын сезінген. Сол кезде бортта болған Бектұрған Дінмұхаммед көмекке келіп, есінен танып қалған жолаушыға реанимациялық шаралар жасады.
Астана медицина университетінің жетінші курс студенті денсаулық сақтау министрінен де құрмет грамотасын алды.