Ұшақты жүк көлігімен Қазақстаннан шығармақ болған адамға айыппұл салынды

0
86

Ұшақтың салмағы – 3 тонна 600 килограмм.


Ұшақты жүк көлігімен Қазақстаннан шығармақ болған адамға айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Қазақстаннан АН-2Т ұшағын алып шықпақ болған адамға айыппұл салынды, деп жазады sputnik.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен шекара қызметінің қызметкерлері "Амангелді" автомобиль өткізу пунктінде "МАЗ 54323" тартқышына тиелген ұшақты тапты.



Ұшақтың салмағы – 3 тонна 600 килограмм, бағалау құны-1,8 миллион рубль (9,1 миллион теңге - 17,5 мың доллар).


"Ұшақты "М" есімді азамат аукционда жеке мақсаттар үшін сатып алған. Шекарадан өту кезінде бқл азаматта нақты тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды болмаған (нақты тауар азаматтық мақсатта да, әскери мақсатта да қолдануға жатқызылуы мүмкін)", – деді депаратменттің экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Мақсұт Кантарбаев.


Ұшақты қажетті рұқсат құжаттарсыз тасымалдаған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық материалдары сотқа жіберілді.
Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, 55 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.