Полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
ERNUR.KZ. Алматыда дамыту орталығына барған бала көз жұмды. Қайғылы оқиға жекеменшік мекемеде болған. Алматы қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда кәмелетке толмаған баланың өлімі» дерегі бойынша тіркелді. Қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған», - деп хабарлады қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеп жатыр. Полицияның дерегінше алты жастағы ұл баланың үстіне шкаф құлап кеткен.