Ұялы байланыс операторларына нашар интернет үшін айыппұл салынды

0
452

Мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатқан, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқығы қорғалғаны айтылды.


Ұялы байланыс операторларына нашар интернет үшін айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Рудныйда ұялы байланыс операторлары жауапқа тартылды, деп жазады tengrinews.kz.

Рудный прокуратурасы өңіраралық байланыс инспекциясымен бірлесіп қала көшелерінде 3G/4G технологияларында интернет сапасының және деректерді жүктеу жылдамдығының бұзылуын анықтаған.

"Прокурорлық қадағалау актісі бойынша байланыс операторлары жалпы сомасы 10 миллион теңгеден аса әкімшілік айыппұлдарға тартылды, сондай-ақ олардың атына заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді", - делінген хабарламада.

Нұсқамаларды орындау қорытындысы бойынша, мобильді операторлар қалада байланыс сапасын жақсарту үшін қосымша антенналар мен құрылғылар орнатқан, осылайша 103 мың ұялы байланыс абонентінің құқығы қорғалғаны айтылды.