Ұзату тойында қыздың мойнына ақша іліп қойғандар көптің таңданысын тудырды (видео)

0
1 090

Әлеуметтік желілерде ұзатылып жатқан қыздың той рәсіміндегі видеосы пайда болды. Бұл кештегі жөн-жоралғы көптің таңданысын тудырды.


Ұзату тойында қыздың мойнына ақша іліп қойғандар көптің таңданысын тудырды (видео)

ERNUR.KZ. Бейнежазбадан ұлттық киім киген бойжеткеннің мойнына ілінген жасыл түсті лентаға төл теңгеміздің жабыстырылғанын көруге болады, деп жазады Экспресс К.

Instagram-дағы @analar.alemi паблигі көптің жағасын ұстатқан видеоны алғашқылардың бірі болып бөлісті. Желі қолданушыларының жазуынша, бұл бейнежазба қызды ұзату тойында түсірілген. Онда ұлттық киім киген бойжеткеннің мойнына ілінген лентаға жабыстырылған 1000, 2000, 5000, 10 000 теңгенің купюрасын көруге болады. Көпшілік үшін таңсық болған видеоны көргендер бұл рәсім қазақтың салт-дәстүрінде болмағанын айтуда.


"Енді қазы-қарта іліп қойыңыздар", "Мынау не сұмдық?", "Қанша жылдан бері бірінші рет көруім, бізде мұндай жоқ", "Естімеген елде көп, түсінбедік", "Байқаңдар, тонап кетпесін...", "Масқара, ұят-ай", "Қазақта мұндай салт-дәстүр жоқ. Осындай оғаш істер жасауды тоқтату керек", "Жүре берсең, көре бересің деген. Қазақта бұндай салт бар ма еді?", "Халық қуды", "Қазір көбі ерекше көрінеміз де неше түрлі нәрсе ойлап табатын болды ғой" деп жазды желі қолданушылары.

Видеоның қайда және қашан түсірілгені әзірге белгісіз.