Вакцина адам мутациясына әкеліп соға ма- сарапшы пікірі

0
885

​Медицина ғылымдарының докторы вакциналау адамның ДНҚ-сы мен репродуктивті әлеуетіне әсер ете ме деген сұраққа да жауап берді.


Вакцина адам мутациясына әкеліп соға ма- сарапшы пікірі

ERNUR.KZ. "Вакцина адам ДНҚ-сына әсер етеді, екпе коронавирустың өзін мутациялауға қауқарлы" деген сынды пікірлер бар. Ал іс жүзінде бұл қалай жүзеге асып жатыр? Иммунолог, профессор, медицина ғылымдарының докторы Рафаил Розенсон Facebook-тегі парақшасында түсіндіріп өтті, деп жазады sputnik.kz.

Профессордың айтуынша вакциналау вирустың мутациялануын азайтып, олардың таралуын тежейді.

"Маған жиі қойылатын сұрақтардың бірі: вакцина мутацияға әсер етпей ме? Бүгінге дейінгі анықталған клиникалық мутациялар – альфа, бета, гамма, дельта, йотта және басқалары вакцина енгізілгенге дейін анықталған. Коронавирустың ең көп мутацияланған түрі – дельта. Бұл Үндістанда жаппай вакцинациялау басталғанға дейін үш ай бұрын пайда болды. Ал жаппай вакцинациялау енгізілгеннен кейін науқастар қатары азаяды. Яғни вакциналау вирустың мутациялануын азайтып, жиілігін арттырмайды", - деді Рафаил Розенсон.

Медицина ғылымдарының докторы вакциналау адамның ДНҚ-сы мен репродуктивті әлеуетіне әсер ете ме деген сұраққа да жауап берді.

"Әлбетте олай емес. Екпені ең алғаш 1795 жылы Дженнер енгізгеннен бастап есептесек 226 жыл болыпты. Бүгінге дейін екпенің салдарынан мутацияланған адам болған емес. Ал антиваксерлер сол заманда-ақ болған. Қазір де жоқ емес", - деді ол.

Дәрігердің айтуынша ғалымдардың көпшілігі мына бір нәрсемен келіседі: науқас коронавируспен ауырып, вакцинацияланса немесе ауырмай тұрып вакцинацияланса, артынан ауырып, сауығып кетсе, қорғаныс әлдеқайда күшті болады.

Ол сондай-ақ алда жедел респираторлық вирустық инфекциялар және тұмау маусымы келе жатқанын еске салды. Оның айтуынша, былтыр локдаунның толық енгізілуіне байланысты азаматтар ауруды өршітіп алған.

"Аллергиясы бар науқастың бәрі ремиссияға қол жеткізіп, коронавирусқа қарсы вакцинация алуы керек. Тұмаудан көз жұму көрсеткіші – миллионнан бір рет кездесуі мүмкін. Вакцинадан көз жұму ықтималдығы – сәл жоғары, бес жүз мыңнан біреу. Коронавирустан қайтыс болу ықтималдығы– 1:50. Яғни 10 000 есе жоғары. Сонымен, егер жасыңызға байланысты немесе қосымша аурулар болса, тұмауға шалдығу қаупі бар. Тиісінше вакцина алған абзал – мүмкіндікті қолданыңыз. Биылғы маусымда бұл өте маңызды", - деді ол.