Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцинацияға қатысты тапсырмалар орындалмай жатқанын айтып, шенеуніктерді жазалауды ұсынған болатын.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда вакцинация жоспары қайта қаралғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жүргізіліп жатыр. Бүгінде вакцинация жоспары қайта қаралды, екпе салдырғандар саны 11,4 миллион адамға жетті. Бірінші компонентті 8 миллион адам салдырып, тұрғындарды қамту 70,7 пайыз немесе жалпы халықтың 42,7 пайызы, екінші компонентті 7,1 миллион адам салдырды, бұл тұрғындарды қамту бойынша 63 пайызы немесе жалпы халықтың 38 пайызы", - деді Цой Үкімет отырысында.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцинацияға қатысты тапсырмалар орындалмай жатқанын айтып, шенеуніктерді жазалауды ұсынған болатын. Оның айтуынша, жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Маңғыстау, Қостанай облыстарында жоспардың 10-15 пайызы ғана орындалған.