Бакалавриат пен магистратура бойынша ай сайынғы стипендия — 130 еуро, докторантура — 450–580 еуро;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының адам ресурстарын қорғау министрлігі арасындағы 2013 жылдың 19 қарашасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Венгрия Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2019–2020 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысуғамүмкіндік береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Болшақтың» сайтына сілтеме жасап.
Осы бағдарлама аясында Венгриянын тарапынан Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламаларға 250 грант бөлінген:
- бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын (өнер, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, техникалық ғылымдар)
- магистратура бағдарламасы бойынша 90 орын (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)
- бакалавриат және магистратураның бірлескен бағдарламасы бойынша 5-тен 6 жылға дейін оқу мерзімімен 30 орын (жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, архитектура, заң, ветеринарлық хирургия, ауылшаруашылық саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер)
- докторлық бағдарлама бойынша 20 орын (барлық бағытта)
Гранттар бойынша ақпарат төмендегі сілтемеде:
Мамандықтардың тізімін осы жерден көре аласыз (сайтта Annex 1 тандау қажет).
Грант келесі шығындарды қамтиды:
- тегін оқу;
- бакалавриат пен магистратура бойынша ай сайынғы стипендия — 130 еуро, докторантура — 450–580 еуро;
- жатақханада тұру (немесе айына 130 еуро мөлшерінде жалға берілетін тұрғын үйді төлеу);
- медициналық сақтандыру.
Бағдарламаның толық нұсқасымен танысу үшін мына сілтемені басыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Құжаттар қағаз құжат тігілетін мұқабада тапсырылады. Файл мұқабасында үміткердің толық аты-жөні, үй мекен-жайы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекен-жайы, тандаған оқумемлекеті, унивесритеті және маманды жазылу тиіс.
Құжаттар толық болған жағдайда ғана қабылданады және 1 данада.
Конт. тел.: +7 (7172) 76-90-84, 76-93-85, 76-90-82, 76-90-83, 76-90-56
Құжаттарды қабылдау уақыты:
Сағат таңғы 8: 30-дан 17: 00-ге дейін, түскі үзіліс 12: 30-дан 13: 30-ға дейін.