Вице-министр бет-әлпетті танитын домофон несімен қауіпті екенін айтты

0
102

Биометриялық мәліметтерді сақтау тәртібі толығымен реттеліп отырған жоқ.


Вице-министр бет-әлпетті танитын домофон несімен қауіпті екенін айтты

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин бет-әлпетті танитын домофон несімен қауіпті екенін айтты, деп жазады sputnik.kz.
Бүгінде көпқабатты үйлерде бет-әлпетті танитын домофонды жиі қолданады. Вице-министр Ростислав Коняшкиннің айтуынша, ондай құрылғылармен жиналған биометриялық мәліметтерді сақтау тәртібі толығымен реттеліп отырған жоқ. Мемлекеттік базалармен интеграция жасау жағынан да талап қойылмайды.
"Демек ондай домофондық жүйедегі мәліметтер заңсыз пайдалану қаупі бар. Сондықтан біз Цифрлық кодексте ұлттық биометриялық платформаның анықтамасын бекітіп отырмыз. Сондай-ақ басқа да биометриялық жүйелерге мемлекеттік базалармен байланыс жасау жағынан талап қойылады",-деді Коняшкин мәжілісте өткен қоғамдық палатаның отырысында.
Айта кетері, қоғамдық палатаның бүгінгі отырысында Цифрлық кодекс талқыланды.