Қазақстанда бензин мен дизель отынына қатысты тапшылық бар
ERNUR.KZ. Қазақстанда бензин мен дизель отынының жиынтық қоры жекілікті. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«5 наурыздағы жағдай бойынша, мұнай өнімдерінің жиынтық қоры қолайлы деңгейде. Атап айтқанда, 218,7 мың тонна бензин бар, бұл елдің 20 тәулік бойынша қажеттілігін қамтуға жеткілікті. Сондай-ақ 306,2 мың тонна дизель отыны бар, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін 28 тәулікке қамтамасыз етеді», - деді вице-министр.
Сондай-ақ, вице-министр ішкі нарықтағы жанар-жағар май бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатынын, яғни мұнайдың әлемдік бағасына байланысты еместігін айтты.
«Баға белгілеу кезіндегі негізгі факторлар - Қазақстандағы мұнай құны (ішкі бағалар), процессинг (мұнай өңдеу қызметі), салықтар мен акциздер, зертханалық сынақтар мен қоспалар бойынша шығындар, банктік қарыздарға қызмет көрсету, цистерналарды беру-жинау, тауарды тасымалдау және басқа да ілеспе шығындар», - деп түсіндірді Мағауов.
Мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы бағалар реттелмейді (2015 жылдан бастап бензинге; 2016 жылдан бастап дизель отынына бағаларды мемлекеттік реттеу алып тасталған) және нарық сұраныс пен ұсыныстар негізінде айқындалады.
Қазақстанда ЖЖМ бағасының ауытқуына әсер ететін бірнеше факторлар бар: шекаралас мемлекеттер мен Қазақстан нарықтарындағы баға белгілеу, сондай-ақ көрші елдермен шекаралас облыстардағы бақыланбайтын ағын.
«Жоғарыда аталған жағдайлар мұнай өнімдеріне баға «тепе-теңдігін» үнемі іздеуді талап етеді. Басқаша айтқанда, Қазақстанда бензин бағасы шекаралас мемлекеттердегі бағадан айтарлықтай төмен немесе айтарлықтай жоғары болмауы тиіс. Ішкі нарықтағы бағалар төмен болған жағдайда, отандық өнімнің шекаралас мемлекеттер нарығына ағылуына байланысты тапшылық қаупі туындайды, ал бағалар жоғары болған жағдайда, импорттық бензиннің профициті және осының салдарынан қазақстандық қоймалардың отандық отынмен толып кетуі және кейіннен ҚР МӨЗ-дерінде қайта өңдеу көлемінің төмендеуі болуы мүмкін», - деді вице-министр.