Вячеслав Ким "Самұрық-Қазынаның" Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды

0
626

Вячеслав Ким - акционер және Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның 24,13% иеленеді.


Вячеслав Ким

ERNUR.KZ. "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы хабарламаға сүйенсек, кеңестен "өз бастамасы бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі В.К.Ким шығарылған".

"Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Саткалиев А.М., Акишев Д.Т., Куантыров А.С.",- деп жазылған хабарламада.

Вячеслав Ким - акционер және Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның 24,13% иеленеді. Ол 2021 жылы алғаш рет Forbes миллиардерлерінің әлемдік тізіміне (925-орын) кірді.