Жаңа мүмкіндікті пайдаланушылар телефон нөмірлерін алғаш рет араласатын адамдардан жасыра алады.
ERNUR.KZ. WhatsApp өзінің қолданушыларын қажетсіз жаңа сөйлесулерден қорғауға көмектесетін арнайы PIN кодтарын орната алады. Жаңа мүмкіндік қазір бета-сынақтан өтіп жатыр, деп жазады stan.kz.
Жаңа мүмкіндікті пайдаланушылар телефон нөмірлерін алғаш рет араласатын адамдардан жасыра алады. Бұл анонимділігін сақтағысы келетін немесе байланыс ақпаратын ашқысы келмейтіндер үшін пайдалы болады.
Шектеулер гаджеттегі телефон кітапшасында жоқ адамдарға ғана әсер етеді.
"Егер пайдаланушы аты PIN кодын орнатпауды таңдасаңыз, сіздің атыңыз оны білетін кез келген адамға контакт ретінде қолжетімді болып қала береді. Бұрыннан бар контактілер мен қазіргі сөйлесулер үшін PIN код қажет емес. Себебі ол жаңа пайдаланушылардың сұрауларын басқару үшін арнайы жасалған", – делінген хабарламада.
Пайдаланушылар WhatsApp-та өзара сөйлесу үшін PIN кодтарын алмасады деген болжам бар. Жаңа мүмкіндік қазір әзірленіп, сынақтан өтіп жатыр. Алайда оның қашан іске қосылатыны белгісіз.
Мессенджердің жаңа мүмкіндігі iOS жүйесіндегі қолданбалардың функцияларын тексеру үшін қолданылатын TestFlight бағдарламасы арқылы ашылды.