Еліміздің барлық мектебінде өзін-өзі тану пәні бойынша ашық сабақтар өтті

0
2 302

Бүгін еліміздің барлық білім ошағындағы оқу үдерісі өзін-өзі тану сабағымен басталды,-деп хабарлайды 24.KZ. Өскелең ұрпаққа өнегелі өсиет айтылып, рухани һәм адамгершілік қабілетті арттыру үшін тағлымды тәрбие берілді. Мәселен, Астанадағы №59 мектеп-лицейде бірнеше ашық сабақ ұйымдастырылды. Мұғалімдер оқушылардың қоғамға, қоршаған ортаға көзқарасын байқап, отбасылық құндылықтар жайлы әсерлі әңгіме өрбітті.


Еліміздің барлық мектебінде өзін-өзі тану пәні бойынша ашық сабақтар өтті

фото: 24.KZ

Бүгін еліміздің барлық білім ошағындағы оқу үдерісі өзін-өзі тану сабағымен басталды,-деп хабарлайды 24.KZ.

Өскелең ұрпаққа өнегелі өсиет айтылып, рухани һәм адамгершілік қабілетті арттыру үшін тағлымды тәрбие берілді. Мәселен, Астанадағы №59 мектеп-лицейде бірнеше ашық сабақ ұйымдастырылды. Мұғалімдер оқушылардың қоғамға, қоршаған ортаға көзқарасын байқап, отбасылық құндылықтар жайлы әсерлі әңгіме өрбітті.

Айта кетейік, елордадағы 5 бірдей білім ошағының оқу үдерісіне «Өзін-өзі тану» бағдарламасы пилоттық негізде енгізілген. Оның аясында жас ұрпақтың таным-түйсігіне 6 ай сайын мониторинг жүргізіліп, психологиялық және моральдық көмек көрсетіледі.

Нұрбек Оршыбеков, ҚР БҒМ Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:

– Өзін-өзі тану пәні біздің барлық деңгейлерге 2010-2011 жылы енгізілген болатын. Бұл пәннің негізгі мақсаты – біздің балаларға адамгершілік тәрбие беру, рухани адамгершілік тәлім-тәрбие беру, олардың өз жанұясын, ортасын қорғау, өзін-өзі ұстау, қоғамда ұстау деген сияқты қоғамның негізгі принциптерін бойларына сіңіру.

Сәуле Қабажаева, №59 мектеп-лицейі директорының орынбасары:

– Қазір осы бағытта жұмыс жасағаннан кейін әр балаға мониторинг жүргіземіз 6 ай сайын. Яғни әр баланың орта буын, жоғары буын әр мониторингтің өз мақсаты бар. Яғни баланың адамгершілік қасиетін, мінез-құлқын анықтау мақсатында мониторинг жүргізген кезде өз нәтижесін көріп жатырмыз.