Ыстанбұлда қазақ мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылды

0
112

Іс-шара барысында қонақтар қазақтың ең кең таралған дәстүрлі тағамдарының бірі – бауырсақтың дәмін татып көрді.


Ыстанбұлда қазақ мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылды

Фото: СІМ

ERNUR.KZ. Ыстанбұл Кент университетінде Түркияда оқитын қазақстандық студенттер арасында дәстүрлі қазақ тағамы – бауырсақ дайындаудан аспаздық сайыс форматында конкурс ұйымдастырылды, деп жазады inbusiness.kz.

ҚР Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға Ыстанбұл, Анкара, Анталия, Измир және Бурса қалаларында білім алатын қазақстандық студенттер қатысты.

Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени байланыстарды нығайту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға ғылыми-академиялық қауымдастықпен қоса, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ түрлі елдерден келген жастар жиналды.

Іс-шара барысында қонақтар қазақтың ең кең таралған дәстүрлі тағамдарының бірі – бауырсақтың дәмін татып көрді. Сонымен қоса, қазақ асханасының өзге де ұлттық тағамдары ұсынылып, қатысушылар дәмін сезініп қана қоймай, Қазақстанның бай мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

"Конкурстың негізгі мақсаты – бауырлас Түркияны дәстүрлі қазақ асханасымен таныстырумен қатар, шығармашылық бәсекелестік арқылы достық пен өзара ауызбіршілік атмосферасын қалыптастыру болды. Әрбір команда бауырсақтың дәстүрлі рецепттері мен дайындау техникасын көрсетті", – делінген хабарламада.

Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Нуриддин Аманқұл және Ыстанбұл Кент университетінің ректоры Неджметтин Атсу құттықтау сөз сөйлеп, мұндай шаралар бауырлас қазақ-түрік халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтып, ортақ дәстүрлерді танытуда маңызды екенін атап өтті.