Ыстықкөлде жоғалып кеткен қазақстандық екі күннен бері табылмай жатыр

0
858

Қырғыз Республикасы ТЖМ Басқармасы тарапынан Ыстықкөл облысы бойынша жеке қайықтардың иелеріне іздестіру бағыттары берілді.


Ыстықкөлде жоғалып кеткен қазақстандық екі күннен бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігі Ыстықкөлде скутемен жүріп, жоғалып кеткен қазақстандықты екінші күн қатарынан іздестіруде, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның баспасөз қызметінде мәлім еткендей, 14 шілде күні Қараой ауылының Қаракөл пансионатында 1966 жылы туған М.А. есімді Қазақстан азаматы скутер тебуге Ыстықкөл көліне аттанып, жоғалып кеткен.

Бүгін, 16 шілдеде, іздестіру жұмыстарына ТЖМ-ның 81 құтқарушысы жұмылдырылды.

Бұдан бөлек, Қырғыз Республикасы ТЖМ Басқармасы тарапынан Ыстықкөл облысы бойынша жеке қайықтардың иелеріне іздестіру бағыттары берілді. Барлығы 12 қайық тартылған.