Юань бағамының төмендеуі: Қазақстанда қытайлық тауарлардың бағасы қымбаттайды

0
1 179

Мамандар юаньнің әлсіреуіне АҚШ-пен арадағы сауда соғысы да себеп дейді.


Юань бағамының төмендеуі: Қазақстанда қытайлық тауарлардың бағасы қымбаттайды

ERNUR.KZ. Коронавирус кесірінен Қытай валютасы құлдырап жатыр. Бұның арты қытайлық тауарлардың жаппай қымбаттауына алып келуі мүмкін, деп жазады Stan.kz.

Қор биржасындағы сессияға сай, 1 юань 3 теңгеге тең. Яғни қытайлық ақша соңғы айларда бірден шамамен бес теңгеге арзандаған. Қытай ақшасының әлсіреп жатқаны елімізге кері әсер етуі мүмкін дейді сарапшылар. Өйтені мұнда өндіріс көлемі азайып, экспорт қысқарып жатыр. Соның салдарынан Қазақстанға келетін Қытай өнімдері де төмендеп кетуі ықтимал. Ал тапшылық бар жерде құннын да шарықтайтыны белгілі. Сондықтан Made in China жазуымен келетін түрлі техника, киім-кешектен бастап жеміс-жидекке дейін сәл қымбатауы ғажап емес. Ал юаньнің әлсіреуіне АҚШ-пен арадағы сауда соғысы да себеп дейді мамандар.

"Қытай юаньнінің әлсіреуі қазақстандық тасымалдаушыларға кері әсерін тигізеді. Олар арзан валютаға сатады ғой, сондықтан табыс азаяды. Ал Қытайдан келіп отырған тауарлар белгілі бір дәрежеде қымбаттайды. Бұл жерде импортпен айналысып отырған азаматтарға табыс бар деген сөз", -деді экономист Мақсат Халық.

Еске салайық, бұған дейін сауда министрі және интегарция кейбір сатушылардың осы жағдайды пайдаланып базардағы бағаны әдейі көтеріп жіберді деп айтқан еді.