Заңгерлерге жұмыс табу қиын – елдегі ең артық 5 мамандық

0
2 012

Елдегі тым артық мамандардың ТОП-5 тізіміне сонымен қатар техник-программистер (мыңнан астам түйіндеме), техник-технологтар (843), экономистер (837) және қаржыгерлер (736) кірді.


Заңгерлерге жұмыс табу қиын – елдегі ең артық 5 мамандық

ERNUR.KZ. Электронды еңбек биржасындағы резюмелер мен бос жұмыс орындары санының ара-қатынасы бойынша елде заңгер мамандары тым артық болып отыр, деп жазады Zakon.kz.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының мәліметінше, биылғы жылдың үшінші тоқсанында 2,4 мыңнан астам адвокаттың түйіндемесі еңбек нарығында сұраныссыз қалды. Айта кету керек, үшінші тоқсанда электронды еңбек биржасында заңгер мамандығы бойынша тек 644 бос жұмыс орнына хабарландыру орналастырылды. Ал бұл салада 3077 адам жұмыс іздеген.

Елдегі тым артық мамандардың ТОП-5 тізіміне сонымен қатар техник-программистер (мыңнан астам түйіндеме), техник-технологтар (843), экономистер (837) және қаржыгерлер (736) кірді.

Ең сұранысы төмен мамандықтар мынау: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері (707), фельдшер (687), дене шынықтыру және спорт мұғалімдері (582), аспаз (474) және шаштараз (413).

Сонымен қатар, 2019 жылдың үшінші тоқсанында мынадай мамандықтар төмен сұранысқа ие болды: эколог, биология мұғалімі, тігінші, психолог, бастауыш сынып мұғалімі, заңгер-кеңесші, мектепке дейінгі мұғалім, есепші, инженер-механик, фермер техник, есепші, биолог.

Электрондық еңбек биржасында 2019 жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыс күші мен сұранысқа қатысты толығырақ ақпаратты мына жерден табуға болады.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында адвокаттардың 3,6 мыңға жуық түйіндемесі қажетсіз болып қалған. Елдегі ең артық кәсіптердің ТОП-5 тізіміне сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер (2,4 мыңнан астам түйіндеме), аспаздар (2 мың), компьютер мамандары (1,5 мың) және іс-құжат жүргізушілер (шамамен 1,5 мың) кірген.