Бұған дейін "Отбасы банк" тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЗЖҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау деректері анықталғанын мәлімдеді.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Жуырда ҚМА жалған стоматологиялық клиникалардың иелеріне іздеу жариялады, деп жазады tengrinews.kz.
ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің сөзінше, Дүйсенов ұсталған.
"Ол ұсталды, сот санкцияны растады. Тергеу органы оның осы төрт клиниканы құруға қатысы барын толық дәлелдеді. Сондай-ақ, заңсыз әрекеттер нәтижесінде алынған сома анықталды", - деді Жеңіс Елемесов.
Еске салайық, бұған дейін "Отбасы банк" тіс емдеуге өтініш беру кезінде БЗЖҚ қаражатын мақсатсыз пайдалану және құжаттарды қолдан жасау деректері анықталғанын мәлімдеді.
Кейінірек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты заңсыз алуға жәрдем көрсеткен 5 қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.
Артынша ҚМА мына үш адамға іздеу салды:
- Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.
- Иманбаев Габбас, 18.05.1998 ж.т.
- Елешев Есімхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т.