Зейнеткерлерге 5 проценттік ипотеканы қалай алуға болады

0
2 501

​Бүгінде республика бойынша 1 600 зейнеткер "Шаңырақ" бағдарламасымен 5 проценттік ипотека рәсімдеп алды.


Зейнеткерлерге 5 проценттік ипотеканы қалай алуға болады

ERNUR.KZ. "Отбасы" банкі зейнеткерлерге 5 проценттік кредит беру шарттарын түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.

Орталық филиалдың директоры Жансұлтан Матаевтың айтуынша, ешқандай бағдарламаға кірмейтін ипотека болса, кредит алатын зейнеткердің жасы 65-тен аспауы шарт. Жалпы кредиттің өзі 70 жасқа дейін ғана беріледі.

"Ал ипотеканың мерзімі 5 жылдан артық болса, екі қосалқы қарыз алушыны тарту қажет", - деді Матаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша 1 600 зейнеткер "Шаңырақ" бағдарламасымен 5 проценттік ипотека рәсімдеп алды.

"Осы бағдарлама бойынша зейнеткердің жасына шектеу қойылмайды. 70 жастан асса да, екі қосалқы қарыз алушыны тартып, кредит рәсімдей беруге болады", - деп атап көрсетті Матаев.