Зерттеушілер қашықтан жұмыс істеу кезінде еңбек жағдайы құлдырайды деп отыр.
ERNUR.KZ. Қашықтан жұмыс істеудің қаупі көп. Франция ғалымдары үй жағдайында еңбек етуді алғаш рет зерттеп, осындай пікірге келді, деп жазады 24.kz.
Сауалнамаға 15 мың адам қатысқан. Зерттеу көрсеткендей үйдегі жұмыс пен күнделікті өмір араласындағы шекара жойылып, адамдардың депрессияға ұшырауы күшейген. Қызметкерлердің әріптестерімен араласпауының да психологияға кері әсері көп болып шыққан. Бірақ мамандар жұмыс беруші үшін бұл еңбек ету жолы біршама тиімді болғанын айтады.
Мысалы, кеңседегі шығындар азайған. Дегенмен зерттеушілер қашықтан жұмыс істеу кезінде еңбек жағдайы құлдырайды деп отыр.
"Зерттеулер қашықтан жұмыс істеу кеңсе шығындарының азайғанын көрсеткенмен, қызметкерлердің еңбек өнімділігі төмендеді. Бұл баяу қимылдайтын бомба тәріздес. Сондықтан шұғыл түрде қашықтан жұмыс істеудің тәртібін бекітіп, еңбек жағдайын қорғау қажет. Себебі, жұмыс берушілердің бәрі бірдей қызметкерлерінің үйден жұмыс істеуіне тиісті жағдай жасамаған. Салдарынан сауалнамаға қатысқан әр бесіншісі адамда депрессия белгілері байқалды", - дейді басшылар мен техникалық жұмысшылар кәсіподағы бас хатшысының орынбасары, Софи Бине.