Жабайы сауда жасағаны үшін ұсталған әйел көлік астына түспекші болды

0
607

Оқиға Алматы қаласының Алмалы ауданында болған. Тәртіп сақшылары тексеру кезінде Розыбакиев көшесінің бойында заңсыз сауда жасап жатқан тұрғындарды анықтаған.


Жабайы сауда жасағаны үшін ұсталған әйел көлік астына түспекші болды

ERNUR.KZ. Полицейлер саудагерлерге бұл әрекеттері заңсыз екенін түсіндірмекші болғанда олардың бірі жүйткіген көлікке толы көшеге қарай жүгірген, деп жазады exk.kz.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада арба үстіне азық-түлік түрлерін жайып сатқан әйелдің әрекеті түсіп қалған. Тәртіп сақшылары одан заңсыз сауданы тоқтатуды талап етіпті. Сол мезетте ашуға бой берген сатушы жолға қарай жүріп, көліктердің астына секіруге ниеттенген. Абырой болғанда көшеде келе жатқан автомобильдер тоқтап үлгеріпті. Ашуға бой берген сатушы онымен қоймай жол үстіне жатып алған. Алғашында абдырап қалған полиция қызметкерлері кейіннен сатушыны күштеп тұрғызып, жол шетіне қарай шығарды.