Жайық өзеніне батып кеткен атыраулық 5 күннен бері табылмай жатыр

0
672

Су астынан іздеу жұмыстарына жедел-құтқару жасағынан 7 құтқарушы, 1 техника мен 1 жүзу құралы тартылған.


Жайық өзеніне батып кеткен атыраулық 5 күннен бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Жайық өзеніне батып кеткен атыраулықты бесінші күн қатарынан іздеп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, бүгін, 9 қаңтарда Жайық өзеніне батып кеткен ер адамды іздеу қайта жалғасқан.

Су астынан іздеу жұмыстарына жедел-құтқару жасағынан 7 құтқарушы, 1 техника мен 1 жүзу құралы тартылған.

«Биылғы 5 қаңтарда екі ер адам Атырау қаласындағы Жұмыскер елдімекенінің тұсында Жайық өзенінен балық аулауға шыққан. Алайда, ауа-райының құбылуына байланысты жұқа мұз ойылып, соның салдарынан екі ер адам өзенге түсіп кеткен. Оның бірі – 1974 жылғы ер адамды полиция қызметкерлері мен төтеншеліктер құтқарып қалды. Ал, 1975 жылғы жігітті құтқару мүмкін болмады», - деп хабарлаған еді департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Жайық өзеніне батып кеткен адамды іздеу 5 қаңтарда басталды. Алайда, бүгінге, 9 қаңтарға дейін мұз астына түсіп кеткен адамның мүрдесі табылған жоқ.

«Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері 5 қаңтардан бері 24 рет су астынан іздеу жұмыстарын жүргізді. Сүңгу кезінде жалпы ауданы 450 шаршы метрден астам, 4-8 метр тереңдікте су асты тексерілді. Алайда, сүңгуірлер Жайық өзенінің астында бөгде заттарды көп кездестірген. Өзен суының лайлануына байланысты көру деңгейі төмендеген. Мұның бәрі сүңуірлерге су астынан іздестіру жүргізуге қиындық тудырып отыр. Соған қарамастан сүңгуірлер су астындағы іздестіру-құтқару жұмыстары жалғастырып жатыр», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда мұз ойылып, Жайыққа түсіп кеткен екі адамның біреуі құтқарылғанын, кейін Жайық өзеніне батып кеткен ер адам әлі табылмағанын хабарлаған едік.