"Жақын арада тұтқындаймыз": Полиция атыраулық отбасыны өлтірді деген күдіктінің қайда екенін білетінін мәлімдеді

0
79

66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның 64 жастағы әйелі Нәсіп Өтешқалиеваның денесі 6 қаңтарда үйінің ауласындағы қорада көмілген күйінде табылды.


Фото:

ERNUR.KZ. Атырау облысы полициясы кісі өлтіруге күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның әйелі Ақбаянның Өзбекстан арқылы Қазақстан шекарасынан өткенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Полиция мәліметінше, Ақбаян із-түзсіз жоғалған адам ретінде іздестіріліп жатыр. Негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев халықаралық “қызыл деңгейдегі” іздеу тізіміне енгізілген. Бұл дегеніміз, ол қай елде болса да, шекарадан өтуге тырысса, пойызға немесе ұшаққа отырса немесе көпшілік алдында көрінсе, құқық қорғау органдары оны ұстауға міндетті.

Тергеушілердің мәліметінше, екі күдікті де Қазақстаннан Өзбекстан арқылы шығып, мемлекеттік шекарадан өтіп, кейіннен басқа елдерде байқалған.

“Біз олардың қайда екенін білеміз. Қазір тиісті халықаралық рәсімдер жүріп жатыр және жақын арада тұтқындалуы мүмкін”, – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары Ақбаянның денсаулығында мәселе бар екенін растады. Бірақ оны заңды түрде әрекетке қабілетсіз деп тану туралы ресми сот шешімі шығарылмаған және бірінші топтағы мүгедектік тағайындалмаған.

Отбасының қазасы туралы не белгілі?

66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның 64 жастағы әйелі Нәсіп Өтешқалиеваның денесі 6 қаңтарда үйінің ауласындағы қорада көмілген күйінде табылды.

Марқұмның үш баласы болған. Олар 35 және 30 жастағы екі қызы және 32 жастағы ұлы.

Ерлі-зайыптыға, олардың 35 жастағы қызы мен 32 жастағы ұлына 2025 жылдың 25 желтоқсан айында ресми түрде іздеу жарияланды. Алайда, туыстары қараша айында отбасымен байланыс үзілгенін айтады.

7 қаңтарда отбасының 30 жастағы кіші қызы Ақбаян Мұқанғалиеваның хабар-ошарсыз кеткені айтылды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олардың бес баласы бар.