Тек алты айдың ішінде ғана айналымнан бірнеше миллион теңге жалған ақша тәркіленген.
Елімізде жалған ақша жасаушылар көбейіп барады. Олар көбінесе 5 және он мың теңгелік купюраларды әзірлейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тек алты айдың ішінде ғана айналымнан бірнеше миллион теңге жалған ақша тәркіленген.
Алматы еліміздің қаржы орталығы болып саналатындықтан ақша жасайтындар да осы қалаға үйір келеді екен. Экономикалық тергеу департаментінің мамандары жыл басынан бері 4 миллион 700 мың теңге көлемінде жалған ақша тәркілеген. Олардың сериялық нөмірлері де ұқсас.
- "Бұл үлкен банкноттар болып егер нарықта бұны жалған ақша жасаушы адамдар нарыққа енгізетін болса бұның қайтарым ақшасы ретінде көбірек ақшаға кенеледі. 10 мың теңге беріп сауда жасаса, оның сдачасына көбірек ақша алады. Сондықтан бұл банкноттарды жасау себебі де сол", - дейді Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан.
Ақша жасаушылар түрлі-түсті принтерден ақшаны басып шығарғаннан кейін сапасын арттыру үшін арнайы нығыздағыш қондырғы қолданады. Сондықтан кейбір банкноттардың жалған екенін арнайы аспапсызанықтаудың өзі қиынға соғады. Қазір ақшаларды ортасынан бөліп жасау да жиілей бастапты.
- "Сонымен қатар 2 мың теңгелікті ортасынан бөліп түпнұсқасымен жалған ақшаны қосып, жасайтындар да бар. Яғни дүкен саудагеріне сауда жасағанда жалған ақша жасаған азамат дүкеншіге түпнұсқа жағын береді. Сауда жасап өздеріне керекті заттарын алып кетіп отырған", - дейді Жақсылық Мырзахан.
Ал ұлттық банктің мәліметі бойынша екінші деңгейлі банктерге келіп түскен жалған ақшаның өзі 3 миллион теңгеден асып жығылған. Күмәнді ақшалардың барлығына сараптама жасалып, құзырлы органдарға тапсырылыпты. Әр банкноттың 18 түрлі қорғаныш элементтері бар екен. Нағыз ақшаның бояу қанық, суреттерін анық келеді екен.
- "Әрбір банкнотта біріншіден сезіну керек саусақпен былай жүргізгенде қорғаныш элементтері бояулары сыртына шығып тұрады. Ол мына бес мың теңге. Монумент қазақ елі үстіне шығып тұрады", - деді ҚР Ұлттық банкінің бас сарапшысы Асхат Әбішев.
Арнайы қондырғының көмегімен қарағанда ортасындағы жібі үзік, қоғаныш элементтері анық болмайды. Әзірге жалған ақша жаксайтында әлі қолға түспеген. Жыл соңына дейін әлі қанша ақшаны айналымға енгізетіні белгісіз.
Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы