Жалғыз екім болды: Министр мектепте қалай оқығанын айтты

0
587

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінде өткен оқу жылының аяқталу салтанатына қатысты.


Жалғыз екім болды: Министр мектепте қалай оқығанын айтты

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектепте қалай оқығанын айтып берді, деп жазады baq.kz.

Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінде өткен оқу жылының аяқталу салтанатына қатысты.

Бас ұстаз жиыннан соң журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Мектепті 30 жылдан аса уақыт бұрын аяқтадым. Әрине, 4-5 деген бағаға оқыдым. Әсіресе, анам сабағымды, бағамды қадағалап отыратын. Ата-анамыз әр бағамыз үшін қатты қуанатын. Сондықтан ата-анамды қуанту үшін бала кезімде жақсы бағаны көбірек алуға тырысатынмын, - дейді министр.

Ғани Бейсембаев мектептен жақсы баға алып келген сайын анасы тәттілер пісіретінін еске алды.

Әр алған 5 деген бағам үшін анам тәтті бәліштер пісіретін. Әр жақсы баға үшін отбасымызда қуанышты аура болатын.

Бейсембаев осы себептен мектепті жақсы бітіргенін айтты.

Бірақ «алтын белгінің» иегері емеспін. Десе де 4-5 деген баға болды. Жалғыз «2»-ні 11-сыныпта Алғашқы әскери дайындық сабағынан алғаным есімде. Ол кезде форма болмағаны үшін екі қойған еді, - деп есіне алды министр.

Ол 30 жыл бұрын мектепті аяқтағанда кезінде қазіргідей мерекелік жиындар өткізілмейтінін де айта кетті.