Кәрім Көкірекбаев қазіргі кезде Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазселқорғау" мекемесін басқарады.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев қамауға алынды, деп жазады exk.kz.
Кәрім Көкірекбаев қазіргі кезде Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазселқорғау" мекемесін басқарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратты растағанымен, толық баяндаған жоқ.
Бейресми дереккөздерге сүйенсек, ол "BAZIS CONSTRUCTION" — "INFR" ЖШС филиалының директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар көлемінде пара алу кезінде ұсталған. Екеуі де уақытша ұстау изолятрына қамалды.