Жөндеуге 448,8 млн теңге бөлінді.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында биыл бес медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Жұмыстарға 448,8 млн теңге бөлінген, деп жазады inbusiness.kz.
Жөндеу Қордай ауданы Арал ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктте, Жуалы ауданындағы Түктібай және Қызыларық ауылдарындағы медициналық пункттерде, сондай-ақ Байзақ ауданындағы Дихан ауылында орналасқан Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығының ғимаратында жүргізілді.
Қазір жоспарланған жұмыстардың барлығы толық аяқталған. Жаңарту жұмыстары медициналық нысандардың жағдайын жақсартып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.


