Жамбыл облысында алты жұмысшы 20 қап алтынмен ұсталды

0
677

Мойынқұм ауданында полицейлер аумақты патрульдеу кезінде Ақбақай ауылының маңында орналасқан Қаракөз шахтасында тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан бір топ ер адамды анықтады.


Жамбыл облысында алты жұмысшы 20 қап алтынмен ұсталды
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында алты жұмысшы 20 қап алтынмен ұсталды, – деп жазадыPolisia.kz.


Мойынқұм ауданында полицейлер аумақты патрульдеу кезінде Ақбақай ауылының маңында орналасқан Қаракөз шахтасында тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан бір топ ер адамды анықтады.

Полиция қызметкерлерімен 1976, 1992, 1994 және 1990 жылдары туылған алты жұмысшы ұсталды. Оның бесеуі Жамбыл облысының, ал біреуі Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Тергеумен анықталғандай, ұсталған адамдар 21 сәуірде кен орнына жүк көлігімен келіп, рұқсатсыз құрамында алтыны бар кенді қазып, 20 қапқа салып алған. Префоратор, генератор, темір кескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 1-бөлігі (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазіргі таңда сот-химиялық сараптамасы тағайындалды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі белгіленетін болады.