Әлеуметтік желіде маньяк деп айдар тағылып, халықты дүрліктірген күдікті ұсталды.
ERNUR.KZ. Оқиға 31 наурызда таңертең басталған. Аптаның басында Тараздағы саябақтардың бірінде серуендеп жүрген әйел аяусыз өлтірілген адамның денесін тапқан. Адам танымастай зақымдалған мүрденің иесі бұрын полицияда істеген болып шықты, деп жазады kaz.inform.kz.
Осыдан кейін жергілікті пабликтерде басқа да азаптап өлтірілген адамдардың мүрделері бейнеленген видеолар тарап, құрбандығын балға мен балтаның көмегімен өлтіретін қанқұйлы адамның пайда болғаны туралы қауесет тараған еді. Ақыры полиция жөн-жосықсыз тарап жатқан мәліметтерді теріске шығарып, ресми мәлімдеме жасауға мәжбүр болған.
Бүкіл облысты дүрліктірген күдікті оқиғадан бір күн өткенде қолға түскені хабарланды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамаулы, тергеушілердің сұрағына жауап беріп жатыр.