Оқиға облыспен аттас Жамбыл ауданына қарасты Аса ауылында болған.
ERNUR.KZ. Алдын ала болжам: мұнай өнімдерін айдау кезінде технологиялық процестің бұзылуы ықтимал, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға облыспен аттас Жамбыл ауданына қарасты Аса ауылында болған.
"Тараз филиалының аумағындағы "Амангелді ГӨЗ" компаниясында (газ өңдеу зауыты) өрт шықты. Дизель отыны бар екі резервуар жанған. Резервуарлардың жалпы көлемі - 480 текше метр", – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖД-ның кезекші қызметіне хабарлама сағат 12:04-те келіп түскен. Өрт орнына Департамент бастығы, ТЖД жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы барған. Барлығы 75 қызметкер және 21 бірлік техника жұмылдырылған.