Жамбыл облысында әйел адам туған баласын бөтен адамдарға берген

0
441

Қазір облыста «Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.


Жамбыл облысында әйел адам туған баласын бөтен адамдарға берген

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында әйел адам туған баласын бейтаныс адамдарға берген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қазір облыста «Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Рейд барысында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері 22 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол 2018 жылы бала туып, оны үшінші тұлғаға басқа отбасыға заңсыз берген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 135-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

«Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу адам саудасы, бас бостандығынан заңсыз айыру, жезөкшелікпен айналысуға тарту, притондар мен жеңгетайлық фактілерінің алдын алуға және анықтауға бағытталған. Профилактикалық іс-шара жалғасуда.