Лауазымды тұлға жеке кәсіпкерден делдал арқылы жалпы сомасы 150 000 теңге пара алған.
ERNUR.KZ. Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облысының Жуалы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғасының пара алғанын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жеке кәсіпкерден пара алған.
"Ол жеке балабақша ашуға оң санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны беру үшін жеке кәсіпкерден делдал арқылы жалпы сомасы 150 000 теңге пара алды деп танылды. Кінәсін толық мойындауына байланысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты үкім оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен сотпен шығарылады.", - деп хабарлады агенттік өкілдері.