Жамбыл облысында мектеп мұғалімі үйде банан өсіреді

0
613

12 жылдан бері ұстаздық қызметте. Алғашында қызығушылықтан басталған ісі хоббиге айналған.


Жамбыл облысында мектеп мұғалімі үйде банан өсіреді

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Қордай ауылындағы мектеп мұғалімі Салтанат Қыдырбаева үй жағдайында тропикалық жеміс ағаштарын өсіріп жүр. Тіпті биыл 5 жыл күткен ананасы түйін салған, деп жазады stan.kz.

Салтанат Қыдырбаеваның тропикалық өнім өсіріп жүргенін телеарна жазды. Дерекке сүйенсек, мектеп мұғалімі Мақаншы ауылында тұрады. 12 жылдан бері ұстаздық қызметте. Алғашында қызығушылықтан басталған ісі хоббиге айналған.

Қазіргі таңда мұғалім бананнан бастап анар, ананас, лимон, лайм мен мандарин баптайды. Ал жеміс ағаштарын өсіруді интернеттен үйренген. Ең қиыны анар өсіру дейді. Өйткені 5 жыл бұрын еккен ағаш тек биыл ғана түйін салған.

“Бұларды өзімізде де өсірсе болады екен. Кішкентай бүлдіршіндерге үйретіп, дамытуды жалғастырсам болар еді. Сол үшін қаржылай қолдау керек”, – дейді мұғалім.

Салтанат Қыдырбаева тропикалық жеміс ағаштарын қрапайым гүл құтысында өсірген. Тамыры тереңдеген өскіндер кейде ыдысты жарып шығады дейді. Ендігі ойы – арнайы жылыжайда баптау. Әрине, оған қомақты қаржы керек көрінеді. Одан бөлек, ұстаз өз ісін мектеп оқушыларына да тынбай үйретуде.