Жамбыл облысында полицей әріптесіне оқ атты

0
152

Жәбірленуші Қордай аудандық ауруханасына жатқызылған.


Жамбыл облысында полицей әріптесіне оқ атты

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында полицей әріптесіне оқ атты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады sputnik.kz.
"2024 жылдың 16 қарашасында қызметтік автокөлікпен аумақты патрульдеу кезінде полиция қызметкері абайсызда әріптесіне арқасынан оқ атқан. Салғырттық салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ жәбірленушінің Қордай аудандық ауруханасына жатқызылғаны хабарланды.

Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.