Жамбыл облысында тағы бір сарбаз қайтыс болды

0
746

​Бұған дейін әлеуметтік желіде Бекболдың өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады.


Жамбыл облысында тағы бір сарбаз қайтыс болды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында шекара қызметінің сарбазы қайтыс болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

18 жастағы Бекбол Мираш Атырау облысының тумасы. Қызылқоға ауданындағы Миялы ауылында дүниеге келген. Туыстары сарбаздың қайтыс болғанын растады.
"Қазір Тараздамыз. Денесін ұшаққа салып жатырмыз...", - дейді олар.
Айта кетері, бұған дейін әлеуметтік желіде Бекболдың өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады.
Айта кетері, бұған дейін Жамбыл облысындағы 30212 әскери бөлімде мерзімді әскери қызметке шақырылған Әлібек Қалбай төрт күннен кейін қайтыс болған. 18 жастағы сарбаз Маңғыстаудан шақырылған болатын.
Ал күні кеше Атырау облысындағы мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде кезекшілік атқару кезінде мерзімді әскери қызметші Нұрбек Ерғалиев көз жұмды.