Әкімдіктің бір жылдан астам уақыт бойы емделу кезеңінде науқастарға заңнамада көзделген жәрдемақыны толық көлемде төлемегені анықталды.
ERNUR.KZ. Шу ауданаралық прокуратурасымен туберкулезбен ауыратындардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органның қызметіне тексеру жүргізілді, деп жазады Zakon.kz .
Нәтижесінде, әкімдікпен бір жылдан астам уақыт бойы емделу кезеңінде науқастарға заңнамада көзделген жәрдемақы толық көлемде төленбегені анықталды.
Мұның себебі, аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы туберкулезбен ауыратын науқастардың емделу мерзімінде, яғни 1-санаттағылар 6-8 ай және 2 санаттағы 8-10 ай мерзімінде кезеңінде 10 мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсету туралы заңсыз шешімі.
Прокуратураның ұсынсының негізінде мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізіліп, аталған әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 2 есе, яғни 10 мың теңгеден 21,8 мың теңгеге дейін жоғарлатылды, ал әлеуметтік көмек алу мерзімі 12 айға дейін ұзартылды.