​Жамбыл облысының тұрғыны қожалықты қару-жарақ қоймасына айналдырған

0
719

Арасында тіпті Калашников автоматы да бар.


​Жамбыл облысының тұрғыны қожалықты қару-жарақ қоймасына айналдырған

иллюстрациялық фото

Жамбыл облысында тұрғын үйден бірнеше қарудың түрі оқ-дәрілермен қоса табылды. Арасында тіпті Калашников автоматы да бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Калашников автоматы Каменка ауылы маңындағы шаруа қожалықтарының бірінен табылды. Бұл сирек кездесетін автоматтың өзіне тиесілі патрондары да бар. Бұдан өзге қарудың бірнеше түрі тәркіленген. Бірақ оның саны айтылмады. Тек видеодан 12 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығының оқ-дәрілері ғана көрінеді.

32 жастағы жергілікті тұрғынның оларды қайдан алғаны және қандай мақсатта қолданбақ болғаны әзірге белісіз. Қазір тәртіп сақшылары оны анықтап жатыр. Сондай-ақ бұл қару жарақтардың қанды қылмыстарға қатысы бар-жоғы да тексеріледі.

"Күдікті кінәсін мойындады. Аталған фактімен ҚР ҚК 287-бабы "Атыс қаруын заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді Олжас Омарбеков, Т. Рысқұлов ауданы ПБ бастығы.