Жәмішев "Қазақстан халқына" қоры қызметкерлерінің жалақысын жариялады

0
857

Ол қамқоршылық кеңестің мүшелері (Жәмішевтің өзі де) қорда тегін негізде жұмыс істейтінін мәлімдеді.


Жәмішев
ERNUR.KZ "Қазақстан халқына" қорының басшысы Болат Жәмішев қор қызметкерлерінің жалақысы қанша екенін айтты, деп жазады sputnik.kz

Ол қамқоршылық кеңестің мүшелері (Жәмішевтің өзі де) қорда тегін негізде жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бас-аяғы 24 адамды құрайтын атқару кеңесінің мүшелері орта есеппен 587 мың теңге жалақы алады.

Алайда қызметкерлер қолына алатын нақты сома бұдан біршама аз. Өйткені аталған жалақы мөлшерінен міндетті алымдар мен салық шегеріледі. Жалақы төленетін қаражат банк депозиттерінің сыйақылары есебінен қарастырылып жатыр.
Бүгінде қорға 117 миллиард теңгеден астам қаражат түскенін атап өту керек.
"Демеушілердің жалақымен қамтамасыз етуіне қарсымыз. Себебі жалақы тәуелсіз болуы керек. Оны қор өзі төлеуге тиіс", - деді Жәмішев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында.
Ол біреулер 587 мың теңгені тым жоғары жалақы деп санауы мүмкін екенін айтты.
"Алайда бұл елдегі орталық мемлекеттік органдардағы әкімшілік қызметкерлердің еңбекақысымен бірдей. Біз бүкіл министрлікке қарама-қарсы жолдың бетінде отырмыз. Сондықтан әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердікімен тең болатын жалақы ұсынбасақ, ешкім бізге жұмысқа келмейді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарда сыйақы қарастырылса, біз бюджетке сыйақы енгізген жоқпыз", - деді ол.
Жәмішев қор қаражатты барынша үнемдеуге тырысатынын мәлімдеді. Мәселен, түрлі компаниялар кеңсе, компьютерлер, автокөлік, электронды құжат айналымына арналған портал мен жүйені тегін ұсынған.