Қыздардың бірінің ата-анасына айыппұл салынды.
Фото: жасанды интеллект
ERNUR.KZ. Қостанай облысында кәмелетке толмаған екі қыз металл қалақты қыздырып, ұйықтап жатқан танысының бетіне басқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиғаның мән-жайы
2025 жылдың сәуір айында Лисаковск қаласында 2012 жылы туған кәмелетке толмаған екі қыз газ плитасында тамақ дайындауға арналған металл қалақты қыздырып, ұйықтап жатқан Ч.-ның сол жақ бетін, оң аяғын және сол қолын қасақана күйдірген. Зардап шеккен қыз ауырсынудан жан дауысы шығып, айқайлаған.
Сот шешімі
Сот отырысында қыздардың бірінің анасы – М. ата-аналық міндетін орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол өз кінәсін толық мойындап, өкінді.
Сот қаулысымен оған 55 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.