Жаңа қаулы: Вакцина паспорты қағаз нұсқада да берілетін болды

0
541

Қағаз нұсқада 2021 жылғы 1 маусымынан бастап беріледі.


Жаңа қаулы: Вакцина паспорты қағаз нұсқада да берілетін болды

ERNUR.KZ. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа Қаулысы шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Құжатта «QazVac» вакцинасын алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына екпе қабылдағаны туралы мәлімет талап ету бойынша қағаз тасығышта 2021 жылғы 1 маусымынан бастап берілетіні айтылған.

Қаулы бойынша мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды коронавирусқа қарсы вакциналау үй-үйде ұйымдастырылатыны жазылған.

«Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне барып, КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуді ұйымдастырады», - деп жазылған Қаулыда.