Жаңа министр білім реформасы туралы айтты

0
1 716

К.Шәмшидинова Президент тапсырмасы аясында қай қызметкерлердің жалақысы көтерілетінін айтты.


Жаңа министр білім реформасы туралы айтты

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова орта білімнің реформасы туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, 2019-2021 жылдары аралығында мектеп, колледж бен жоғары оқу орындарының 240 мыңнан астам педагогтары қайта даярлау курстарынан өтеді.

«2020 жылдан бастап ағылшын тілін оқытуға арналған курстарға қарастырылған қаржы жоғары оқу орындарында осы тілде сабақ беретін мұғалімдерді дайындауға жұмсалатын болады. Осы жылдан бастап мектептерге тіл меңгерген жоғары оқу орындарының түлектері келе бастайды. Пәндерді ағылшын тілінде оқытуды кезең-кезеңімен кадрлардың дайындығына қарай біртіндеп енгізу жоспарланып отыр», - деді К.Шәмшидинова Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста К.Шәмшидинова Президент тапсырмасы аясында қай қызметкерлердің жалақысы көтерілетінін айтты.

«Білім беру саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын ұлғайту дифференциалды түрде 30 процентке дейін жүзеге асатын болады. Білім саласында 500 мыңға тарта адамның жалақысы өседі деп күтілуде. Олардың қатарында мектепке дейінгі ұйымдар мен интернаттардың тәрбиешілері, олардың көмекшілері, методистер, әлеуметтік педагогтар, балабақша мен колледж псиxологтары, қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері, кітапxанашылар, вожатыйлар, буxгалтерлер, іс жүргізушілер, еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантеxниктер мен электриктер сияқты басқа да теxникалық қызметкерлер бар. Қазіргі кезде ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігімен қызметкерлердің санаттарын және жалақысын арттыру көлемін нақты анықтау жұмыстары жүргізілуде», - деді К.Шәмшидинова Үкіметтің бүгінгі отырысында.