Қазір кәсіпорынды қажетті құрал-жабдықпен қамту қолға алынды.
Фото: pixabay.co
ERNUR.KZ. Ақтауда Жаңаөзен қаласында жаңа газ өңдеу зауытын салу барысы талқыланды, деп жазады inform.kz.
— Трансформаторлар қойылатын іргетасқа бетон құю аяқталды, құм төгу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 110 кВ болатын желілік портал, блок-модульдік ғимарат және май қабылдау бойынша жұмыс бітті. Сонымен қатар жерге тұйықтау контурды монтаждау аяқталды. Зауыт алаңын дайындау мерзімнен бұрын, яғни 2025 жылғы 28 мамырда басталып кетті, — делінген хабарламада.
Қазір кәсіпорынды қажетті құрал-жабдықпен қамту қолға алынды. Аталған жоба бекітілген мерзімге сай жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ жоба жетекшісі Бауыржан Сейітқазиев бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын айтып отыр.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзен газ өңдеу зауыты құрылысының кешігуін Үкіметтің өрескел олқылығы ретінде бағалаған еді.
Артынша Үкімет басшысы Олжас Бектенов «Самұрық-Қазынаға» Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытын тездетіп салуды тапсырды.