Жанар Жарылғасова Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

0
1 207

Жанар Жарылғасова 1973 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген.


Жанар Жарылғасова Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

Жанар Жарылғасова Энергетика министрлігі аппаратының басшысы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР энергетика министрінің бұйрығы бойынша, Жанар Шайқықызы Жарылғасова Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жанар Жарылғасова 1973 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген. Есенов атындағы Ақтау политехникалық университетін, Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Ұлттық басқару мектебін (Франция) бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың "Отын және көмірсутекті металдардың химиялық технологиясы" кафедрасының жетекші инженері қызметінен бастаған.

2000-2008 жылдары Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құрылымында жұмыс істеген.

2008-2010 жылдары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік және энергетикалық қадағалау комитетінің лицензиялау, лицензиялық бақылау және заңдық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы.

2010-2014 жылдары - ҚР Мұнай және газ министрлігінің басқармаларында түрлі лауазымдарды атқарған.

2014-2020 жылдары - ҚР Энергетика министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқаған.