Жаназаға барған елордалықтан Жамбыл облысының 6 тұрғыны коронавирус жұқтырған

0
780

Науқастар 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылғы Қордай ауданының тұрғындары.


Жаназаға барған елордалықтан Жамбыл облысының 6 тұрғыны коронавирус жұқтырған

6 сәуірде Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының алты жағдайы анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Науқастар 1958, 1963, 1968, 1971, 1988 және 2001 жылғы Қордай ауданының тұрғындары.

Алдын ала мәліметтер бойынша, олар 17 наурызда Қордай ауданына туысының жерлеу рәсіміне келген Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынынан жұқтырған.

Олармен байланыста болған адамдарды анықтау, карантин стационарына орналастыру, зертханалық зерттеуге материалдарды саралау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, санитарлық-эпидемиялық қызмет олардың тұрғылықты мекенжайлары мен болған орындарын дезинфекциялап жатыр.