Жаңажылдық демалыс күндері 39 кісі өлтіру дерегі тіркелді – ІІМ

0
1 052

Жаңажылдық демалыс күндері полиция мен ұлттық ұлан қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеген


Жаңажылдық демалыс күндері 39 кісі өлтіру дерегі тіркелді – ІІМ

ERNUR.KZ. Елімізде жаңажылдық демалыс күндері 39 адам өлтіру дерегі тіркелген. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, елімізде 2019 жылдың жеті күнінде 5 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген.


«Оның 39-ы қасақа адам өлтіру, 46-ы адам денсаулығына ауыр зиян келтіру. Аталған қылмыстардың басым бөлігі тұрмыстық жағдайда таныстар мен туыстардың арасында арақ ішу кезінде жасалды. Қылмыстардың басым бөлігі жедел түрде ашылды»
, - деді Жанат Сүлейменов.

Осы орайда ішкі істер министрінің бірінші орынбасары жедел түрде адам өлтіру дерегінің 30-ы, қасақана адам өміріне зиян келтірудің 40 дерегі ашылғанын атап өтті.

Ішкі істер министрінің өкілі жаңажылдық демалыс күндері полиция мен ұлттық ұлан қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істегенін атап өтті.