Жаркентте жылқы мінген отызшақты жігіт полиция көлігін қоршап алды (ВИДЕО)

0
153

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Жаркентте жылқы мінген отызшақты жігіт полиция көлігін қоршап алды (ВИДЕО)

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Ат мінген бір топ азамат Жаркенттің қақ ортасымен шауып өткен. Кейін олар оқиға орнына келген полиция көлігін қоршап алған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған соң, жергілікті полиция департаменті түсініктеме таратты.

«Полиция жол қозғалысы ережесін бұза отырып көшеде шапқан азаматтардың жеке басын анықтап, оларды жауапкершілікке тартты. Олар қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзған», — делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында